Бұл бетте «Көлеңкесіз өтсінші» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
29.07.2021
0
0
910
Көлеңкесіз өтсінші
Өмірін де көңілің. –
Деп достарға үйеміз
Тілектердің небірін.
Көлеңкеге әділ ме
Осы берген бағамыз.
Қоймай жүріп шілдеде
Көлеңке іздеп табамыз...
Көлеңкені бұл күнде
Адамнан да іздейміз...
Көлеңкеміз болса егер,
Біз де нәнбіз, пілдейміз.
Көлеңкесін адамның
Жанашырмен бір дейік...
Көлеңкесіз қалғанда ол
Маңын көрмей жүрмейік.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі