Суретші – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Суретші» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 886
Суретші қолға бояуын алып,
Көлеңке жаққа жайғасты барып.
Асықпай баппен бастады істі,
Бояумен қанық алуан түсті.
Жасылдан жайлап көгалды баптап,
Сарыдан сұлу шығарды бақбақ.
Қызылдан кірпіш дап-дайын болды,
Қаланды үлкен, биік үй онды.
Көк күмбез тікше шатыры әсем.
Болсын ба үйден ауласы бәсең,
Алқызыл, күрең бояудан қанық
Гүл өсті небір құлпырып, жанып.
Жел беріп, желпіп, жайнатып гүлді.
Көгілдір фонтан атқылап тұрды.
Құрылды биік әлпеншек ағаш,
Ескерді оған тумауын талас.
Осыны шебер атқарды бояу,
Бәрінен шебер
Мараттың ойы-ау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Суретші өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Суретші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Суретші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Суретші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері