Қоян жылы жазылған өлең

Бұл бетте «Қоян жылы жазылған өлең» атты Темірхан Медетбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 10.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1793
Төгiлiп тұр жыр болып
Сергек қоян, сақ қоян...
Келiп кiрдi жыл болып
аппақ қоян, ақ қоян.
Қызық болса тоя алмай
Қызық қуып кетерсiң...
Келген жылым,
қояндай
аппақ болар ма екенсiң?!
Көрiнбестен ешкiмге
ақ аязда тоңарсың...
Аппақ қардың үстiнде
аппақ өлең боларсың.
Барамын деп жазыма
омбы қарды бұзарсың, –
Жеткiзбестен тазыға
құйын болып ұшарсың.
Астында ұмар-жұмардың
қалармысың бүгiлiп, –
Сорғалаған қыранның
тырнағына iлiнiп...
Жүрген жоқпын аянып
шапқыладым талмай бiр!
Биыл ендi, қояным
боласың сен қандай жыл?
Боласың ба жортақ жыл
көп болатын сөздерi?
боласың ба қорқақ жыл
бақырайған көздерi?
Кешiр, болса асығыс, –
айтсам егер шынымды, –
Қалмаймыз ба осы бiз
таба алмастан жымыңды.
Шығасың ба өрге сен
берекеге айналып?
Кетесiң бе, әлде сен,
қанжығаға байланып..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоян жылы жазылған өлең өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қоян жылы жазылған өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоян жылы жазылған өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қоян жылы жазылған өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері