Ыстықкөл – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ыстықкөл» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 900
Секілді бір қара бұлттың мұңдасы
Мұз мекендеп, қар жамылған құз басы,
Шындарында шұбатылған ақша бұлт,
Қабақ шытса береке-ырыс төгер құт.
Баурайында толқып жатыр Ыстықкөл,
Толқынына құлашыңды ұр, түсіп көр.
Суы тұнық, түбі маржан – ақ қайраң!
Көз жеткісіз айдынына мен қайран!
Не тілейсің?
Керегін, сай!
Міне сый!
Суға шомыл, құмыңа ауна, күнге күй!
Бал жемісті мәуелі бақ жағасы.
Жүрсең сая қайың, терек – ағашы.
Сейілдесең сергітеді даласы,
Жұтсаң сусын – мөлдір мынау ауасы.
Көкжиекпен көлдің шеті тұтасып.
Көктегі аспан, көлдегі аспан ұласып,
Жалт-жұлт етіп сәуле сүйген су беті,
Сағымданып суда шыңның суреті.
Анда-санда толқындары баспалап,
Жалт етіп бір көрінеді ақ шабақ.
Паһ шіркін-ай,
Неткен ғажап көл еді,
Көз алмастан қарай бергін, келеді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ыстықкөл өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ыстықкөл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ыстықкөл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ыстықкөл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері