Құз – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Құз» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 807
Сұр бұлт суық көк жүзін орап,
Жыл құсы – қонақ жол шеккен алыс,
Жел үрлеп үзіп үкісін тонап,
Мұңайды үнсіз ақ қайың таныс.
Ауада баяу ұшады қалқып,
Төгіліп тынбай жапырақ – жаңбыр,
Жаздағы дала жап-жасыл барқыт
Оранған бозғылт тұманға бұлдыр.
Тізеден келіп ұйысқан шалғын,
Ажары кетіп сарғайып сөнген.
Әсем шың құстың базары болған,
Көңілсіз көлге үңіліп төнген.
Түйіліп іштей, тиылып үннен,
Тұңғиық тартқан, су беті күңгірт,
Жұрттайын иен құлазып мүлдем,
Қалыпты міне, көл басы жым-жырт!
Сауығы бөлек сайраны жаздың
Қара үзіп кейін қалғандай алыс.
Сағынып жазғы күлкі, әсем назын,
Мұңайды үнсіз ақ қайың таныс.
Телміре жүріп аралап бақты
Аяндап ару келеді қайтып.
Кірпікке маржан іркіле қапты,
Не дейін оның мәнісін айтып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құз өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Құз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері