Ұраңқай

Бұл бетте «Ұраңқай» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 660
Мұрекең айтқан мынау Ұраңқай ма!
Ұраңқай сұлулыққа ұрандай ма!
Аюлы тау төсінде көк Марқакөл.
Көңілден көшпейтұғын құмардай ма!
Мұрекең айтқан мынау Ұраңқай ма!
Ұраңқай сұлулыққа ұрандай ма!
Тараған батар күннен алтын арай
Билей ме, көл бетінде бұраңдай ма!
Мұрекең айтқан мынау Ұраңқай ма!
Ұраңқай сұлулыққа ұрандай ма!
Өрмелеп құзар шыңға қалың жыныс
Тізіліп барып сапқа тұрардай ма!
Қайыңы қалыңдықтай сылаңдай ма!
Терегі теңдесі жоқ сыңардай ма!
Жебесі бұлтты барып бүйірлеген
Шыршасы шың басында шынардай ма!
Мұрекең айтқан мынау Ұраңқай ма!
Ұраңқай сұлулыққа ұрандай ма!
Көк шалғын мұрын жарған гүл
бәйшешек
Альпімен бәсекеге тұрардай ма!
Құбылмай мынау өңір тұра алмай ма!
Төңірек түгел мойын бұрардай ма!
Үзбелеп, өрім талға тізіп ілген
Жемісі қызыл лағыл тұмардай ма!
Көгілдір кешкі ауа тұмандай ма!
Көлеңке сайға түскен мұнардай ма!
Көл беті әбігерлік– балапанын
Түгендеп құс ұяға қонардай ма!
Әйтеуір тамсандырды табындырды,
Аунаған Шүмекті асып сағым нұрды
Жамылып жасыл шындар, қалын орман
Марқакөл айдынына барып тұнды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұраңқай өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ұраңқай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұраңқай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұраңқай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері