Алматыны көрсең ғой – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Алматыны көрсең ғой» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 670
Алматыны
көрсең ғой, достым, көктемде,
Күн ару күліп,
еркелеп шуақ төккенде.
Жер торқа төсеп,
балапан гүлдер бүр ашып,
Көшесін көркем
бәйшешек басып кеткенде,
Алматыны
көрсең ғой, достым, көктемде,
Қалдырмай тозаң
көк нөсер жуып өткенде.
Шым жасыл жібек
шымылдық сусып бұтақтан
Төгіліп зәулім
үйлерді көміп кеткенде.
Алматыны
көрсең ғой, достым, көктемде,
Жаудыр гүлдерді
көбелек шымшып өбкенде.
Жар құшағында
арудай бойы дірілдеп,
Сиреньдер аңқып,
жұпарға қала бөккенде.
Алматыны
көрсең ғой, достым, көктемде,
Алма бақ гүлдеп,
ақ торғын болып кеткенде.
Жылқыдай самал
қайырған таңғы боз тұман
Шұбалып барып
жотаға сонау шөккенде.
Алматыны
көрсең ғой, достым, көктемде,
Сағынып құстар
ұясын іздеп жеткенде.
Таң ата қала
сахна болып сәнді бір,
Сан сырлы күйді
құс оркестрі төккенде.
Алматыны
көрсең ғой, достым, көктемде,
Жаңғыртып кеше
күлегеш бұлақ жеткенде.
Ақ мәрмәр фонтан
демінен есіп қоңыр леп,
Ақ меруерттер
атылып көкке кеткенде.
Алматыны
көрсең ғой, достым, көктемде
Нұр шашқан көздер,
жаныңнан жүріп өткенде,
Бүр болып қаулап,
гүл болып жанып, көшеге
Көктемдей түлеп,
махаббат сыймай кеткенде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматыны көрсең ғой өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Алматыны көрсең ғой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматыны көрсең ғой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматыны көрсең ғой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері