Сүйініш жыры – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сүйініш жыры» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.08.2021
  • 0
  • 0
  • 650
Копетдағгың бауырында,
Берді ағаның ауылында,
Бір ұяда жеті шынар,
Бойы сындар, басы мұнар.
Сегізінші Феруза қыз
Ел аузында еді аңыз,
Бөленіп бүр торқасына,
Жеті ағаның ортасында,
Бұлғақтаған ол нашында,
Қалай аңыз болмасын да!
Жоқ мінеки сол Ферузаш,
Жеті ағаның көзінде жас...
Десе біреу жел біледі.
Желге қарап телміреді.
Десе біреу көк біледі,
Көктен сұрап көп тіледі...
Бұған көп жыл өтіп еді,
Қыз хабарсыз кетіп еді.
Жақсылыққа «сүйінші» дер,
Ал, ағалар, сүйінші бер!
Ел аузында болған аңыз,
Сол аяулы Ферузаңыз
Жүрегінен ғазақлардың –
Ақындардың – «азаплардың,»
Жыр боп міне туды қайта
Мен сүйінші келдім айта.
Жақсылыққа «сүйінші» дер,
Ал ағалар, сүйінші бер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйініш жыры өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сүйініш жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүйініш жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүйініш жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері