Диалектика – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Диалектика» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 649
Жұтарман, жойқын
Мұхит – дүние,
Өмір – өр толқын іреңді. 
Зымырап уақыт,
Біреу қуанып,
Кейіс уатып
біреуді.
Өмір – бекетін
Жылап кеп тұрып,
Қимай кететін
пәндә адам,
Толқында налып,
Тал қармап талып
Жүрсе де жарық
таңдаған.
Жеткізбес үміт
Жетелеп
толқын
Желкелеп үгіп
жігерін...
Мұратын іздей...
Сөніп бір жанып,
Күрескен үзбей
күдерін
Бұл мәңгі
ғалам
Қоғам боп тұтас
Басқалы адам
ілгері.
Жылжыған ұлы
Алып дөңгелек
Жүргізер мұны
Кім кері!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері