Бұл бетте «Екпін» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дұрыс айтпадым бірер сөздің екпінін,
Сол екпінге кетіп-ақ еді көп күнім.
Жеңіл екпін зілдей қадам байлайды
Әсер сәтте бола қалып тек мінім.
Екпінменен жөргегінде танысқан,
Өз тілінен мақрұм қалған «данышпан»,
Екпіндерін түгендемей өзгенің,
Туған тілін білмегенге намыстан.
Екпінді де, екпіндер де жетерлік,
Кей малмаңдар қанжығада кетерлік...
Екпіндерін түгендемей өзгенің
Дана тусаң ел намысын көтер тік.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі