Өмірге тоймас адамзат – Бұқар жырау

Бұл бетте «Өмірге тоймас адамзат» атты Бұқар жырау жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 1
  • 12705
Аруды таңдап сүйсе де,
Алтынды үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де,
Арманын қоймас адамзат!
Ілімді түгел білсе де,
Қызығын көзбен көрсе де,
Қапалы күні қабарып,
Қайғының түні төнсе де,
Үмітін жоймас адамзат!
Жақындап ажал тұрса да,
Жанына қылыш ұрса да,
Қалжырап, көңілі қарайып,
Қара бір көзін жұмса да,
Өмірге тоймас адамзат!


Пікірлер (1)

Дили

Өте жақсы

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірге тоймас адамзат өлеңінің авторы кім?

Бұқар жырау — осы өлеңнің авторы.

Өмірге тоймас адамзат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірге тоймас адамзат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бұқар жырау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмірге тоймас адамзат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар