Кресло
Бұл бетте «Кресло» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұл күнде креслоның мәні басқа,
Шараң жоқ басқаша оны танымасқа,
Үлкені, кішісі оның өз алдына,
Қойылу, пайдалану нәрі басқа.
Тұрасың креслоң болса, жарып асқа
Қалтаңа өзі келіп түседі ақша.
Уыстап миллионерше төгіп-шашып,
Сүйсінтіп айналаңды «пай-пай, қасқа!»
Дегізер кресло деген бақыт,
Тіпті оған жақынның да таңы атып,
Шығады күні қалаған сәтінде
Бетіне жан келе алмас әсте батып.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі