Япыр-ай, қаскөй тағдыр-ай – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Япыр-ай, қаскөй тағдыр-ай» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 649
Япыр-ай, қаскөй тағдыр-ай,
Қандай еді салмағың.
Алысып бақтым,
Деп саған көнсем бе?
Түспей жүретін еңсем де,
Түлкідей сайқал
Сан құбылып келсең де
Қайсарлық қылып,
Жеңдірмен деп жүрсем де
Қайсыбір сәтте
Ішім жылып,
Сыртым күлсем де,
Мойымай тұрып,
Қасқайып,
Қасіретіңе көнсем де
Түбінде бәрін жеңсем де,
Қалмады шарам,
Келмеді шамам,
Бір мұрагер жанашыр
Қолымнан жасай алмадым,
Әйел ғып жараттың,
Тірлікке шақырдың,
(Бүгін сездім шын пақырмын).
Бірақ сен мені алдадың.
Жеңілдім.
Мықты екен қармағың,
Езді салмағың,
Бүгін мойындап
Айтпай қала алмадым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Япыр-ай, қаскөй тағдыр-ай өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Япыр-ай, қаскөй тағдыр-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Япыр-ай, қаскөй тағдыр-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Япыр-ай, қаскөй тағдыр-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері