Құбылу – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Құбылу» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 753
Сарыала күз, салқын леп таудан ескен,
Жоталардан боз тұман құлай көшкен
Бозғылт шілтер бүркенді үлбіретіп
Қалың жыныс өрмелей беткейде өскен.
Кеше сындар қарағай күнге ғашық,
Бүгін салқын ызғарға құшақ ашып.
Келін қайың тәрізді той қыл арман
Сары алтын теңгеден шашу шашып.
Көме түсіп құзар шың жақпар тасын,
Ол да өзгертіп байлапты ақ шалмасын.
Құбылуы заңды ғой табиғаттың
Жан сарайын уақыт ақтарғасын.
Ғалам өлі жалғыз сәт тынымдаса,
Дамығаны ілгері қыбырласа,
Тек адамдар қоян боп, қабақ бағып,
Жыл мезгілі тәрізді құбылмаса.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құбылу өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Құбылу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құбылу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құбылу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері