Ел көзінде еңселінің бірімін – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ел көзінде еңселінің бірімін» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 566
Қанша таным қалдың екен атпаған,
Қасіретім қалдың қанша татпаған.
Маған деген қанша ащы-тұщылар
Тұр екенсің тағдыр әлі сақтаған.
Көз жетпейді ұшығына бірінің.
Әрекетін жасап келем тірінің.
Бар жарасын жалап жазып жанымның,
Ел көзінде еңселінің бірімін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері