Әлем аппақ – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Әлем аппақ» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 678
Әлем аппақ
Жауған қардан
Арайлы ақ нұр тарағандай.
Жүректер де әппақ болса
Көңілді алау орағандай.
Жүрсе адам атаулылар
Жан шуағын жәйіп салып,
Отырмаса кейіп-налып
Ақтығынан ғайып қалып.
Сөйтіп шіркін адамдардың
Күллі әлемі аппақ болса!
Қабағына ылғи ғана
Аппақ нұрлы шуақ қонса.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері