Төңіректі тұрғандай бір зіл басып
Бұл бетте «Төңіректі тұрғандай бір зіл басып» атты Жанғали Набиуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Төңіректі тұрғандай бір зіл басып,
Отырсың сен жалғыздықпен мұңдасып.
Жәудіреген жанарыңды түн торып,
Үміттер мен күдіктерің жымдасып.
Дәурен қайда жүретұғын сән құрып?
Дәурен қайда тұратұғын таң күліп?
Ұзақ жылдар мұң жұтып та шыдарсың,
Бірақ шыдау мүмкін емес мәңгілік.
Тоқтамдардың таңдап тауып бекемін,
Толтыр босқа өткен күндер өтемін!
Мұңнан солай құтқара алсаң өзіңді,
Біл мені де құтқарғаның екенін.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі