Сұрақ – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сұрақ» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 778
Тарысы піскеннің тауығы болып,
Тайраңдаған даңғой местің сауығы болып,
Қалтаң толып...
Баянсыз таққа қонып,
Ар-ұжданды жаңқадай жонып,
Көкек болып әр бұтаққа қонып,
Қалай адам боп
Жер басып жүруге болады.
Екі иініңнен дем алып, тасып толып?
Бұлай топ көбейтіп жүргенше
Жоқ болған абзал ғой
Жуадай солып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері