Бұл бетте «Контраст» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жетті жылап, жылауық күз,
Жер салбырақ, ауада сыз.
Аспан бұлдыр, күн ажарсыз,
Тәрізді бір тұнжырақ қыз.
Түнерулі күн ғана емес,
Көше кернеп жосыған жұрт.
Құйын нарық күйін алып,
Көңілдері қираған құрт.
Шалқыған шат байлар ғана –
Бизнесмендер, аз ғана топ.
Мұқтажы жоқ, жайлау жаға,
Сауда күсет, қалтасы тоқ.
Қоғамы бұл - аз бен көптің,
Қауымдасы бар мен жоқтың.
Айтар болсам, анығырақ,
Нөпірі бұл аш пен токтың.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі