Күншілге ұнай бермейді бардың ісі

Бұл бетте «Күншілге ұнай бермейді бардың ісі» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 503
Күншілге ұнай бермейді бардың ісі,
Адал, әділ бағалау — ардың ісі.
Барлық ісін дәулеттің арқасы дер,
Өткергені болса да нардың ісі.
Өз қалпына риза адам бар ма?
Бір бұтаққа қос қонбас ала қарға
Сауысқандар болады жақсыға қас,
Жарамылшы пәстереге амал бар ма!
Қанша малды жиғанмен ебін біліп,
Бай-бағылан боп қадірлі болмас жігіт,
Ел көңілі — ақ сандық, кілтін тауып,
Шықпаса өрге өнердің туын тігіп.
Алғандар коп болса да етіп машық,
Шын өнердің олардан ауылы қашық,
Жан тұшынып, санамен сезінбеген
Өнер-нәсіп бұл күнде көке жасық.
Жампаңдап жан-жағына өсек тасып,
Жүретұғын ақын бар етіп кәсіп.
Ұялмағаны әнші боп, ән де салады,
Аймағынан тұрмақ боп артып, асып.
Жүгіріп түрлі жылға өзекпенен,
Жиренбей дос та болады кәззәпенен.
Әйтеуір алда тұру бар арманы
Ойы жоқ бәсін біреу сезеді деген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күншілге ұнай бермейді бардың ісі өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Күншілге ұнай бермейді бардың ісі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күншілге ұнай бермейді бардың ісі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күншілге ұнай бермейді бардың ісі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері