Қызық болды-ау – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қызық болды-ау» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 714
Алабұртып, алқынып, алаңдадым,
Кімді іздеймін, білмеймін, таба алмадым,
Асау тұлпар тәрізді тықыршыған,
Тыным таппай толқыды алау жаным.
Тежемек боп асауды амалдадым,
Сарылсам да емін еш таба алмадым.
Асау баққан қалпыма, алау қаққан,
Шарам болмай тұйыққа қамалғаным.
Қызық болды-ау! Япыр-ай қызық болды-ау!
Ұлы сезім сабырды бұзып болды-ау.
Құйынында құбылып үйіргенде,
Ақылымнан таппадым түзік қолдау.
Ұлы сезім! Сен деген көңіл алаң,
Жүрегіммен сайысқа түсті санам.
Бір кеудеде екі ұдай тілек өрбіп,
Сыйыстырған бар ма екен сірә адам.
Қызық болды-ау!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері