Алақанымды аядым – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Алақанымды аядым» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 642
Аузынан еш сөзі түспей есіліп,
Қашан көрсең жүргені оның есіріп.
Үлескенде жастар жақсы әзіл-наз
Осы байғұс қалса керек кешігіп.
Дөрекі әзіл, дөңбек сынды қонымы
Аңғармайды бар ма, жоқ па орыны.
Қырау басқан самаймен де санаспай,
Жарбаңдайды жайдақ мініп торыны.
Көсіледі әлін білмей аяғын.
«Үйренгені үйдегісі баяғы...»
Шапалақпен шартылдатып беруге
Нансаңыздар алақанымды аядым.
Қисық ағаш түзеткенге жөнделіп
Кетпесе де мұны осылай емделік.
Қыздар берген шапалақтан сорлының
Кеткен сірә екі беті көн болып.
Абайла десе, ашынып,
Ал, әйда десе, тасисың.
Қылығыңды қаз қойса,
Желкенді ғана қасисың.
«Тоқыранның тәубесі»
Талайғы берген уәдең...
Күйкі күй кімнің отбасы
Сол үйге таныс бұл адам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері