Димаш ағаға

Бұл бетте «Димаш ағаға» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 627
Димаш аға!
Жұртымның асыл қорғаны,
Ырысы асып ашылған болса ел бағы
Сіздің арқаңыз мерейі өсіп халқымның
Қазақ есімі әлемге әйгі болғаны.
Реңі кіріп гүлденсе байтақ кең далам,
Миллиард құйып тасыса байлық арнадан,
Алматы тақса төсіне орден жайнатып,
Сіздің арқаңыз еліме күт боп орнаған.
Ашылып бағы халқымның өссе ұл-қызы
Көрінсе сайрап өскендігінің күнде ізі.
Қар бұзып жол сап, бағдарлап берген бағытын
Өзіңіз аға темір қазығы — жұлдызы.
Еңбегіңізді тәптіштеп тізіп не дейін
Асыл аға деп жырыма қоса берейін.
Береке басы халқымның ерен мақтаны
Жасай бер аға, биіктей берсін мерейің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Димаш ағаға өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Димаш ағаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Димаш ағаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Димаш ағаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері