Бұл бетте «Қырық шырақтың бірі киің» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
09.08.2021
0
0
910
Қырық шырақтың бірі едің,
Менің үшін маздаған.
Жүрегімде жыр едің,
Үзілмеген, жазбаған.
Жазбасам да көңілімде
Шырқап ылғи жүретін,
Әнім едің өмірімде
Өзіңмен әрім кіретін.
Таба алмайды жан арқау
Жүрегін мұң шымшыған.
Сазы салқын самарқау
Сыңар Аққу сыңсыған.
Қалаулым, ақ шырағым,
Тек мен үшін маздаған.
Енді жырдың шуағын
Қалай табам, жан Ғабам!
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі