Иығыңа зер шапан

Бұл бетте «Иығыңа зер шапан» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 704
Ақындар қауымымыз кейде тату,
Дүрдараз қалжыңға да кейде бату.
Өзін, де апта соқпай басылмайтын
Арқаның ақ бораны ақын Ғафу.
Болсаң да өзің шағын үлкен жүрек,
Торғайдың даласынан ұшқан түлеп.
Қаршыға шақар мінез,шапшаң ілгіш,
Демейтін мынау түтек, мынау түнек.
Орғытып, жалында ойнап «Ақбоз аттың»,
Торғайдың даласында арындаттың.
Құйғытып жүріп талай «Белден асып»,
Ғажайып «жер астында жұлдыз» жақтық.
Туған жер шарлап талай сырын таптың,
Мәуесін жырлай жүріп шырын бақтың.
Арманы ғасыл болған асыл ұстаз
«Қоңырауын кең даланда» сылдыраттың.
Жүректе құттықтаған жалын басым,
Келіп тұр үлкен-кіші дарындасың.
Зер шапан иығыңа ата жолы
Деп жабады ақын апа-қарындасың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Иығыңа зер шапан өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Иығыңа зер шапан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Иығыңа зер шапан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Иығыңа зер шапан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері