Бұл бетте «Күлияға» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
09.08.2021
0
0
857
Құзырымен тағдырдың,
Мекен бізге бір ұя
Өз қызымдай өзіңе
Бауыр бастым, Күлия!
Маған серік, өмірге
Көктем сынды көріксің.
Өзің де сол көктемде
Дүниеге келіпсің.
Қасиетіңді тергіштеп,
Тізіп айтып не дейін,
Құттықтап туған күніңмен
Аналық бата берейін.
Ғұмырлы бол, бақытты
Басында бұлтсыз тұрсын таң
Сол ақ таңдай тілегі
Өзіңнің апаң Тұрсынхан.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі