Жарасқанға жараспаған – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жарасқанға жараспаған» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 688
Өлеңнен өзге жайлы жақ ашпаған,
Биікке ұмтылмаған, таласпаған
Кісідей әркімге айдар үлестіру
Ақынға Жарасқандай жараспаған.
Ерекше биіктерге жанаспаған,
Теруден ұсақ-түйек әрі аспаған.
«Бес ешкі айдағаны ысқырығы Жер жару»
Жарасқанға жараспаған.
Өзінен өзгені оқып әлі ашпаған,
Халықтың пікірімен санаспаған,
Түсініп сөз мәніне бойлай алмай,
Ой түю Жарасқанға жараспаған.
Бар шығар асуларың әлі аспаған...
Өспейді ауылынан әрі аспаған,
«Мүйізсіз мал сүзеген келетінін»
Айтқызу Жарасқанға жараспаған.
Сөз шығар ұшқарыңан қайдан бұлар
Дегендей адасқан сөз жәй қаңғырар.
Көрпені бойға шақтап көсілген жөн,
Айдарды үлестірер айдарлылар.

1983 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарасқанға жараспаған өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жарасқанға жараспаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жарасқанға жараспаған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жарасқанға жараспаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері