Келген ойды

Бұл бетте «Келген ойды» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 471
Осы жұрт мені бір күн министр қойып, бір рет министр Тахташ десе, несі кетеді екен!
Хади Тахташ

Келген ойды
Қайтемін матап, тұсап.
Ақтарайын
Әз ақын Тахташқа ұқсап.
Кейбіреудей
Маған да тиіп жаңсақ,
Бұйырса ғой
Әнеу бір биік мансап.
Президиумда отыру бар міндетім
Болса, Пай-пай
Жұрт жүрсе тамақ тамсап...
Қарқарадай
Қоқитқан шашым болса,
«Ақыл бұлақ боп аққан» басым болса,
Соңғы мода Кигенім асыл болса,
Қаңтарылып тұратын қайда барсам,
Былқылдаған ақ «Волга» атым болса.
Экраннан, эфирден, түрлі жиылыс...
Мейлі айтпасын
Жұмысты опырды деп.
Лауазымым аталып,
Сол жиылыста
Айтса болды
Қатысып отырды деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келген ойды өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Келген ойды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Келген ойды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Келген ойды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері