Абылайға – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Абылайға» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 664
Абылай қойып атынды
Ырымдады-ау ата-анаң.
«Баталы құл арымас»,
Құр болма, балам, батадан.
Алла жебеп өзіңді,
Абылай бабаң қолдасын,
Бұл өмірде Сен, кіші Абылай,
Олқың, кемің болмасын,
Төрт құбылаң сай болсын,
Ұрпағың өсіп бай болсын,
Өмірің жарқын шуақты,
Ашық күн мен ай болсын.
Байлық мұрат емес деп,
Халық айтқан нақыл бар.
Азамат бол айтулы,
Тұла бойың тұнған ақыл, ар.
Ақылыңмен шығасың,
Кез келген киын тұйықтан.
Кемеңгерлік те келеді
Хан-қараны ұйытқан.
Түптеп теріп түйгенде
Жазмыштан бәрі — Алладан.
Елдің ұлы, ар құлы Адам болып қал, балам!

23.06.2003 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері