Өлең, жыр, ақындар

Мұнар

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 751
Қайдан естілді,
Жүректі тілген құс қанатының суылы?
Жырақта қалған
Орман – күлкінің үздігіп жеткен уілі.
Ұмытуға оңай...
Обалы кімге?
Ойымнан шошып өксідім,
Мұнар қаланың еңсені басып
ләйліткен қызыл іңірі.
Саған тартатын сүрлеуді таппай...
Кір басқан жүрек жуынар,
«Кел-кел» деп қойып келеке етші...
Есігіңді іштен іліп ал.
Таныс көшеден ән салып өтер
сал-сері жігіт шаршаған,
Сұлбасын сүйреп көне көшеден
Ілбиді байғұс ғұмыр – Ар.
Терезең мұнар,
Жаңбыр себелеп...
Көрінбес дала әйнектен,
Еске алcаң еді.
Биылғы көктем,
Айтшы, сен айтшы, қай көктем?!
Есен болыңыз...
Жым-жылас түнге кіріптар Ұлы сапарлар,
Жанымның жауһар жапырағын
дүр-дүр сөйлеткен...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өліара

  • 0
  • 0

Күн күліп саумал сәулесін,
Ғаламға мынау шашады.
Қысқарып жансыз көлеңке,
Таусылып тауға қашады.

Толық

Алаңдағы ой

  • 0
  • 0

«Қалың елім қазағым»,
жасқа толып жанарым,
Үрей билеп есірген сұлап жатыр алаңым.
Желтоқсанның желіккен

Толық

Құлагер – ғұмыр

  • 0
  • 0

«Хұсни ғаламның құс жетпес...» қиыры,
Күңіренген көкжалдың көксеген үйірі…
Бөрілі байрағы желбіреп жол алды,
Оғлан ұланы Тәңірге сиынып.

Толық

Қарап көріңіз