Құса

Бұл бетте «Құса» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 789
Қанатынан хат жолдадым, соңғы хат,
Құстар саған жеткізеді... жол жырақ.
Ішім толы құсалықтан құтылмай,
Нән шаҺарда сенделіп жүр сорлы бас.
Ай сәулесі төгілгенде іңір кеп,
Бір әуенді қайталаймын күбірлеп.
Самайымды сылап тұрған секілді,
Сенің нәзік саусақтарың дірілдеп.
Мені аяшы,
Айдың асыл бекзаты,
Бокалымда тұнып тұрған көз жасы.
Бәлки сорлы қайыршының қолында,
Құлқынына қимай тұрған соңғы асы.
Маған ауыр бұл мезгіл,
Қалды артымда қара ноқат – сүрдек жыл.
...бұрыштағы шағын шарапханада,
Ішкіш досым іздеп жүр.
Маған ауыр....
***


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құса өлеңінің авторы кім?

Ырысбек Дәбей — осы өлеңнің авторы.

Құса өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құса өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ырысбек Дәбей өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құса өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері