Өлең, жыр, ақындар

Михаил Иванович Калининге

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 568
Құрметпен қарсы аламыз, келген қонақ,
Азаттық езілгенге берген қонақ,
Мейлі қай ұлт болсын, жылағанның
Кез жасын тыйып, мұңын көрген қонақ.
Біздің елдің сізге әлі сырты қанық,
Ішкі сырын білмейсіз түгел анық,
Бізде де жалшылар мен қожалар бар,
Біздің ел де екі тап болған халық.
Біз бұрын тепкілеуден босанбадық,
Надандықтан ілгері аса алмадық,
Бай, төреден, күштіден соққы көріп,
Көзімізді кезінде аша алмадық.
Төңкерісті кезінде сезінбедік
Көзге қызу кездерде көрінбедік
Кеш ояндық, надандық бөгет қылды,
Әйтпесе, сол күнді аңсап келген едік.
Түсіндік жаңа ғана азаттықты,
Азаттыққа бастадық қалын, жұртты,
Тез ашпайды көздерің тез тұрмайды,
Ұйқы әбден езгілеп, мәңгі қыпты.
Елде жуан кедейді сорып жатыр,
Кедей надан соруға «көніп» жатыр,
Кедейдің арыстандай алып күшің
Бай ақысыз, борсықтай еміп жатыр.
Елде оқу аз — кедейлер хат білмейді,
Қараны — қара, ақты олар — ақ білмейді,
Саясат не, Кеңесті үкімет кім? —
Ойдағыдай түсініп, нақ білмейді.
Қала жоқ, ауылдардың арасы алыс,
Алыс жерге қиын: ғой келіс, барыс,
Калинин жолдас, осындай жәйдің бәрін,
Айтумен ғана ұқпай, көріп таныс.
Ұйымдасса көздерін ашар кедей,
Оттай лаулап ілгері басар кедей,
Алдағы міндеттерін айқын көріп,
Бақытқа жетіп, рақатта жасар кедей.
1924
АЗАЛЫ КҮНДЕ
Күн кезі тұтылғандай түрде болды,
Жел зарлы қайғыланған үнде болды,
Барлығы — жаратылыс басын иіп,
«Біз де ортақпыз» дегендей тілде болды.
Кеше үсті желбіреген туға толды,
Жалыны көтерілген буға толды,
Көкіректі қақ жарған мұңды дауыс,
«Ленин, Ленин, Ленин!» деп шуға толды.
Білмеймін неге кезге жасым келді?
Жас келді, ой биледі, басылды енді...
Алдында Ұлы Ұстаздың тәжім қылып,
Иіліп қара жерге басым келді.

1925



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағалбай Жанбаевқа

  • 0
  • 0

Қазақша — қаңтар, римше — январьда,
Сібірде, қақап тұрған қыс — ызғарда,
Келіпсің дүниеге, Россия
Ортасы жатқан кезде батып қанға.

Толық

Өлеңім

  • 0
  • 0

Мың тоғыз жүз бірінші жылы туып,
Мінекей отыз бесті жеттім қуып.
Отыз бес түгіл, сексен, тоқсан бесте
Жоламаймын деп «маған ажал жуық»

Толық

Поэзия маршалы

  • 0
  • 0

Тоқтат,
Дүние,
Дабырды!
Не керек,

Толық

Қарап көріңіз