Өлең, жыр, ақындар

Келін балам

  • admin
  • 05.09.2024
  • 0
  • 0
  • 55
Анамын мен білетін бала сырын,
Бауыр етім, сол бала, карашығым.
Өзің түскен келін боп жаңа үйдегі,
Қамқоршыңмын мен сенің жанашырың, жанашырың.

Қайырмасы:
Келін балам,
Келін балам!
Шексіз бақыт келгенің, сенің маған
Бөтен емес, бірісің өз баламның
Аялаймын қызымдай, сені балам, сені балам.

Келін жаным өзіңсің маған көрік,
Жақсы болсаң кетермін анаң болып.
Аямаспын барымды, жанымды да,
Таусылғанша тіршілік тәмәм болып, тәмәм болып.

Қайырмасы

Қол ұстасып жүрсеңдер егіздейін,
Ақ толқыны тасыған теңіз дейін.
Қуанышқа кенелткен өздеріңнен,
Үмітімді ешқашан мен үзбеймін, мен үзбеймін.

Қайырмасы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сырлы сезім

  • 0
  • 0

Сырлы сезім жайнаған гүлдесің бе?
Сырлы сезім – жүресің күнде есімде.
Таңғы үмітте,
Мәрзия Аяғанова

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер