Балқаш

Бұл бетте «Балқаш» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1405
Александр Затаевичтің «Балқаш» деген әніне арнап

Кешегі құлан өтпес бұл батпақ шөл,
Көрмеген орын теуіп мекендеп ел,
Ормансыз, бетегесіз, сусыз, құмсыз,
Үйіріп қу топырағын есетін жел.
Бұл күнде сол шөлейтке орнады құт,
Жері гүл, шөлі бұлақ, қайнаған жұрт,
Гулеген гудок ұрған күрс-күрс балға,
Салынған сансыз сарай, завод, фабрик
Балқашымда қайнады
Қалайы, темір, алтын, жез,
Балқаш кені таусылмас
Бейне тасқын бұлақ көз,
Талай миллион жыл тұнған
Бұлақ саулар туды кез.
Бұлақты ағыз, жұмыскер,
Кәне, тез-тез-тез, тез!
Балқаштың қорғасын, жез, темірлері,
Ең молы, Одақтың бар жеріндегі,
Тілейтін заводтарым азықтанса,
Күн санап, күші артып кеңір енді.
Кен болса машиналар қаптағаны,
Аяққа ескі өмірді таптағаны,
Одақтың қатарында Қазақстан
Тұрмысқа социалистік аттағаны.
(Әннің қайырмасы)
Қазақстан орташа мен кедей, жалшы,
Байынан күні кеше жесе қамшы, 
Өндіріс жұмыскері болып бүгін,
Аттанды тап жауы деп байға қарсы.
Еңбекшісі бауырласып қосып басын,
Айырды кімнің досын, кімнің қасын,
Қолында Ленин туы. Коммунизм
Жолына қойды түгел ықласын.
(Әннің қайырмасы)
Көсемің алдыңдағы Компартия,
Сен соның жолымен жүр, ер артына.
Сол ізбен екпіндете іс істесең,
Лениннің орындалмақ бар шарты да.
(Әннің қайырмасы)

1932 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балқаш өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Балқаш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балқаш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балқаш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері