Өлең, жыр, ақындар

Жемісті ағаш

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1290
(Конституция күніне)

Суық түсі сұрғылт дала,
Өліктей боп қаны кепкен,
Тұрған кезде,
Октябрьдей
Жасыл желек туды көктем.
Ұлы Ленин бас бақшашы,
Сол далаға қазды арық,
Ленинизм бұлағынан
Кепкен дала сусынданып.
Гүлдер жайнап, сағым ойнап,
Жер құлпырды бейне бүліс.
Өсті егін:мақта, кендір,
Қауын, бидай, сұлы, күріш.
Бал бұлақтан сусындатып
Шығымы бай егісті,
Екті совет бір ағашты,
Бұтағы бай жемісті.
Бұл ағаштың етегінде,
Эверестер — төбешік,
Ұшар басын ұялаған,
Күнменен тұр кеңесіп.
Жасыл желек бұтақтары,
Бір жүз жетпіс миллион,
Саясында сайрандайды
Алтыдан бір дүние.
Сайрандаған сұлу, көркем,
Бақтың балғын гүлінен,
Бұтақ басы сайрап бұлбұл,
Бал тамады үнінен.
Тамырлары терең сүңгіп
Тарап жатыр айнала,
Тесіп шығып өспек боп тез,
Тегіс: тау, қыр, сайға да,
Күтуден бір жалықпайды –
Бұл ағашын бақшашы.
Күткен сайын жемістейді
Бақшашының бақшасы.
Биігінде бақыттың,
Бұзылмайтын ұясы,
Айтқанда атап бұл ағаш —
Советтің Конституциясы.

1936



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нұрмолда Алдабергеновке

  • 0
  • 0

«Бата жүрген емес-ті
Ассыз аяқ, құр қолға»
Шарықтап біздің ел өсті,
Өсірісті Нұрмолда.

Толық

Еңбекші қазақ

  • 0
  • 0

Төрт жылға аяқ аттадың,
Тебіренбей қарап жатпадың,
Тәрбиеші ананың
Адал сүтін ақтадың.

Толық

Ол туралы ән мен күй

  • 0
  • 0

Мәскеу
Мосторг.
Мың-жың жан.
Ішінде мен

Толық

Қарап көріңіз