Өлең, жыр, ақындар

Мектеп — білім егіні

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 572
Сүйген кезде алтын күн
Таңның күміс маңдайын.
Тракторға тіркелді —
Күйіне келген комбайн.
Комбайнды күтуші,
Жүргізуші Далабай —
Жас жігіт, бірақ, колхозға —
Ақылшы, басшы ағадай.
Бір мінезі — Далабай
Жас та болса балажан;
Сегізде оның ұлы бар,
Өз жанына балаған.
Аты Марат: дені сау,
Денесі зор, елгезек.
Ақылды, ойлы, «айыбы»—
Азырақ тентек... ер, өжет;
Көрімпаз және сұрампаз,
Ұғымпаз, зирек, талапты,
Жұрт сүйеді сондықтан,
Болса да тентек Маратты.
Биыл колхоз егінін
Орған күннен бастап ол,
Әкесінен қалмады.
Ойынды қиып тастап ол.
Әкесі айтты Маратқа:
— Бар ма, деді есіңде?—
— Немене, папа?
— Не деп ем,
Кешегі күннің кешінде?
— Не деп ең, папа, ұмыттым?
— Сентябрьдің нешесі?
— Бірі
— Енді ұқтың ба?
Айтқаным менің кеше осы!
Мектепке барсаң, қалқам, сен,
Мол егінді егесін!
Отыз екі әріптен
Егінге тұқым себесін!
Бастаушың мектеп, Маратжан,
Бейне бір сенін, көктемің,
Жап-жасыл боп тебендеп
Шығады сенің еккенің.
Орта мектеп, Маратжан,
Бейне бір сенің шілдеңдей;
Тұра ма егін шілдеде
Дәнденбей және гүлденбей.
Жоғарғы мектеп, Маратжан,
Бейне бір сенің күзіңдей.
Тұрады толып дән сонда,
Сабақтан зорға үзілмей.
Сол егінге, Маратжан,
Комбайнер боласың!
Мектепте — егін, Маратжан,
Оқудан астық орасын!
Бұл айтқан сөз кеше де
Қонған еді Маратқа,
Бүгін де қонып, қарады ол
Егіндік кең алапқа.
Егін менен ауылдың
Жақын еді арасы.
Теңіздей толқып тұр екен
Шығымды егін даласы.
Ауырлығы дәнінің
Қорғасын басқан салмақтай,
Тарылары бидайдай,
Бидайлары бармақтай.
Мол егіннің теңізі
Толқығанда ырғалып,
Қызыл шырай ең берді,
Бояуға алтын күн малып!
Әкесі айтқан егінді
Осындай ғып екпекке,
Бармақ боп Марат оқуға
Бекітті ойын мектепке.
— Мектепке, папа, барамын!
— Айтқан кезде деп ұлы,
— Бар, сәулем,— деді әкесі,
— Мектеп — білім егіні.

1938



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гвардеец бауырларға

  • 0
  • 0

Бір үміт халық күткен тағы ақталды:
Қирата қырқып фашист — жалдаптарды
Ерлері Қазақстан қан майданда
Жауынгер гвардия деп аталды.

Толық

Туған еліме

  • 0
  • 1

Әкемнің құты, Шешемнің сүті,
Сіңірген тұла бойыма.
Бар асылын халықтың,
Лениндік ұлы тарихтың

Толық

Коммунистік татулық

  • 0
  • 0

Ең күшті дейтін «атомдық
Бомбаға» миллион татырлық
Бізде бір күш бар, есімі —
Коммунистік татулық.

Толық

Қарап көріңіз