Ауылға сыр
Көшеде у-шу, қаптаған бала,
Ойнаушы едік жамырап.
Үлкеннің бәрі болушы ед(і) дана,
Ауыл тұратын жадырап.
Мектепте бала көп бола тұғын,
Ұстазда болмады азырақ.
Не болды қазір сен сола тұғын?!
Ауылым қалды қаңырап.
Қаңырамағанда нең қалды енді?!
Бәрі асып кетті қалаға.
Бәрі асып кетті, сен қалдың жалғыз,
Қаңырап қалдың далада.
Сағынып кейде соғып кетеді,
"Джип" мінген балаң қаладан.
Ойыл жағасын шашып кетеді,
Сықпыты сол ма сағынған?!
Ойылым жылда тартыла түсті,
Екі жағасы жақындап.
Баяғы күйге қалай түсерсің?
Қалып барасың қаңырап.
Ауылым сені көтеру керек,
Тұрасың әлі ақ жадырап.
Кеткендер әлі қайтадан келеді,
Бастары төмен салбырап!!!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі