Шаталов менің жерлесім – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Шаталов менің жерлесім» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 871
Космонавтың жанымдай
Жақсы көрем өңгесін...
Тонымның ішкі бауындай,
Менің де ұшты жерлесім!
Владимир Шаталов,—
Қызылжарлық бауырым,
Тиыш кеңісті қопарып
Гулетті Совет дауылын!
Жырақ жақта ұшып жүр,
Жұлдыздай аққан зымырап.
Советтік намыс үшін жүр,
Ерлік ісі тым ірі-ақ!
Самға, самға, жерлесім!
Ұшқыштың оз, бәрінен!
«Бұл не деген ер?!» десін,
Мекен тап ең әріден!
Қуанышпен қарсы алды,
Отаның, ұяң — Қызылжар;
Ақын ағаң жар салды, деп,—
«Сенде күндей қызу бар!»

14. I. 1969


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері