Тамсантып түгел таңдайда еріген – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Тамсантып түгел таңдайда еріген» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.07.2021
  • 0
  • 0
  • 560
Тамсантып түгел таңдайда еріген,
қандай әдемі, қандай керім ең.
Қандай берік ең, —
қасымда жүріп,
қапы қалдырдың —
алдай беріп ем!...
Жаным да бірге жандай көріп ем,
қандай төзімді, қандай берік ең,
жалғай келіп ем үмітімді үзік,
күні-түн қызып,...
қанбай келіп ем,
Қандай әдемі, қандай көрікті ең,
арамыз сонша шалғай неліктен,
алдай келіп пе ең, апыр-ай, мені
алынбас өшің бардай
кеміткен!
Алдыра қойсын арман қай елін!
Үріп ауызға салғандай едің,
тірі бауыздап өттің де бүгін,
кеттің бе, күнім?
Қандай бала едің!
...Армандай едің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері