Осыншалық батырып таңда мұңға – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Осыншалық батырып таңда мұңға» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.07.2021
  • 0
  • 0
  • 784
Осыншалық батырып таңда мұңға,
тағдыр, мені тағы да алдадың ба? —
Алтын балық қолымнан сусып шығып,
құр әуресі қалыпты-ау қармағымда!
Алтын балық, алдап-ақ қашқаның ба,
қайдан шыға келіп ең бастабында? —
Қас-қағымда қолыма қонған бақыт
қалай ғана жоқ болды қас-қағымда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері