Мінгізіп ең мінсіз жарау құр атқа – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Мінгізіп ең мінсіз жарау құр атқа» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.07.2021
  • 0
  • 0
  • 555
Мінгізіп ең мінсіз жарау құр атқа,
енді мені бастасаңшы жұмаққа,
емін-еркін күлейік те біз де бір,
жүрейік те жан баспаған жырақта.
Жалғыз жұтып тауысардай көліңді,
қандырсаңшы қаталаған шөлімді.
Бұрыс қалған баққа барып, бой түзеп,
Жазайын бір құрыстанған белімді.
Енді, жаным, елемеші ел сөзін,
бұрынғыдан батылырақ болшы өзің, —
Бүгін бізге иіп тұр ғой дүние,
жұмағың да тиіп тұр ғой.. қол созым.
Кім біліпті қайда барып тынарын,
Сүйреп алып кетті мені бір ағын,
аман-есен өткізе гөр ар жаққа.
жағалауға жеткізе гор, шырағым.
Сұлуырақ бола түсіп енді өмір,
Күйсандықтай күмбірлейді кең көңіл,
Енді өзіңе ерейін де, жарығым,
бақытты боп көрейін де мен де бір...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері