Алтын табақ жер беті – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Алтын табақ жер беті» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2258
Торғын болып төгілген,
Көкжиекке ең шеті.
Толықсиды егінмен,
Алтын табақ жер беті.
Жас балапан балғындай,
Ашып күнге ауызын.
Бадана бас бал бидай,
Жатыр жарып қауызын.
Байқап көрдік бір талын,
Алақанға үгітіп.
Бойында екен күн табы,
Жүре берді жылытып.
Тұрды менің жанымда,
Украина сұлуы.
Бар ма дедім оның да,
Саусағының жылуы.
1957


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері