Өмір неткен шуақты – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Өмір неткен шуақты» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 700
Ай дөңгелек,
Күн дөңгелек,
Жер дөңгелек, дөңгелек.
Айдан сізге,
Күннен сізге,
Жерден сізге не керек?
Айдан бізге сәуле керек,
Күннен шуақ, нұр керек,
Жерден бізді сәнге бөлеп
Құлпыратын гүл керек!
Ай берер-ау сәулесін,
Күн төгер-ау шуағын,
Гүлдей жайнап өсуге
Айсәулелер туатын
Өмір неткен шуақты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері