Қайығ едім тік өскен – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қайығ едім тік өскен» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 918
Көздеріңе қарасам мейір көрем,
Разы боп өмірге пейілденем.
Қайың едім тік өскен, сен толқын ең,
Жас қайыңды өзіне бейімдеген.
Қайың қызға ақ толқын аға есебі,
Сырласар жер өзеннің сағасы еді.
Сұлулыққа таң қалмас бәрі өзінде,
Жатушы еді көсіліп дала сері.

….Жас жапырақ-сәбилер тілі балдай,
Күлкісіне күн- дағы қызығардай.
Жасыл жүрек ақ қайың жайқалсын деп,
Келеді әлі ақ толқын тыным алмай!…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері