Інжуіме – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Інжуіме» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 663
Атам қайда дейсің сен
Інжу асыл лағылым.
Мен отырмын мүдіріп,
Тауым тасқа шағылып.
Алдарқатып әрнеге
Көңіліңді бұрамын.
Шаттанасың мәз болып
Көктен түскен жыр-әнім.
Түрлі сауал бересің
Қиын кейбір сұрағың.
Жауап тапсам біріне,
Бірін білмей тұрамын.
Ойлы болып өсерсің,
Талай жұмбақ шешерсің.
«Білместігін» әжеңніің
Түсінген соң кешерсің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері