Жан сырымды мазақ болдым желге айтып – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жан сырымды мазақ болдым желге айтып» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 628
Жан сырымды мазақ болдым желге айтып,
Жел желігіп кең далаға берді айтып.
Ғашық болу құпиясы жүректің
Құпиямды жұртқа жайғам мен қайтіп?..
Өзге тілек баурап алды, өзге арман,
Сүю дерт қой, дертің кімге сөз болған.
Жатыр бәрі жүрегімнің түбінде,
Жүрек түбін қорқамын мен қозғаудан!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері