Спандияр көбеевтің үйінде – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Спандияр көбеевтің үйінде» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4698
Хақымыз жоқ секілді,
Ақсуатты аттауға.
— Көзге ілсін бе кемпірді, Түсетұғын қарт бар ма?—
Деп соғары ол анық,
Кәрі шеше естісе.
Үйге кірдік қол алып,
Күн еңкейіп, кеш түсе.
Теңбіл-теңбіл Алакөл,
Терезенің тұсында.
Түсті еске тағы да ол,
Құмар еді құсына.
—Қалдым шалдан айрылып, Көндім салған әрнеге...
Мен отырмын қаймығып,
Қарап қойып Сәбеңе.
Дейді Сәбең ақырын:
—Арман бар ма шалында. Жылай берме, жарқыным, Ұл-қыздарың алдыңда.
Жан күйігі бек қатты,
Жылама деу обал-ақ.
Барлық жасты тоқтатты,
Соңғы тамшы домалап...
Қайтайық деп желпініп,
Шықтық бір кез далаға.
Жатты Алакөл тұнып,
Жүрдік таза ауада.
Тірлігінде суарып,
Қызыл гүлдей ол еккен.
Шыға келді шұбалып,
Бір топ бала мектептен.
Өмірлері көктемдей,
Ой-өрісі кеңейіп.
Қатар түзеп өткендей,
Көбеевтер көбейіп.
1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Спандияр көбеевтің үйінде өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Спандияр көбеевтің үйінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Спандияр көбеевтің үйінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Спандияр көбеевтің үйінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері