Абайша терең қарашы – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Абайша терең қарашы» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 843
Періште мен шайтанды
Айыра алмай қалар ма ек,
Абай бізге ой салды,
Тұжырым айтты болар сеп.
Періште болған әу баста
Деді Абай нағыз шайтанды.
Шайтандыққа алмасса,
Байлыққа бойы шайқалды.
Тоймастыққа қызықты,
Аждаһаға жарасқан.
Періште аттап сызықты,
Көк шайтан болды адасқан.
Қазынаға ел бергенін
Құлқына етті қолайлы.
Магнаттар десе сенбегін,
Қалталы шайтан молайды.
Барына етпей қанағат,
Соза берген көмейді.
Ой, Алла­ай, неткен ғаламат!
«Шайтанчиктер» көбейді.
Абайша терең қарашы,
Ұғуға үнсіз тырысып.
Барады­ау адам баласы
Шайтандыққа ығысып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері