Жұлдыздар – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Жұлдыздар» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3280
Бекер жұлдыз көп деген,
Аңыздар ерте кездегі.
Қарайды мың сан отпенен,
Даланың күлімкөздері.
Дірілдеткен күз лебі,
Салқынкөл сары жапырақ.
Жұлдызбен ойнап түздегі,
Жүзеді түнде жарқырап.
Жылжиды кешіп далада,
Жұлдыздарда жоқ ерік.
Кім білсін оны бара ма
Миллион қолдар көтеріп.
1957


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері