Воронеж батырларына

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.08.2018
  • 0
  • 0
  • 4187
Керіліп жатқан кең дала,
Құнарлы қонысы орыстың.
Қанындай қорып сол жерді,
Батырлар, жаумен соғыстың.
Қылауы құсап асылдың
Қыруар елден тоғыстың.
Құрыштан құйған қамалдай,
Бөгедің бермей жол үстін.
Дағдарды дұшпан таба алмай,
Құлпысын құтты қоныстың.
Воронеж болды бейнесі
Мызғымас, берік сол күштің.
Атадан адал туған ұл,
Аянбай жаумен алыстың.
Азат басты қылмай құл,
Арыңды сақтап қалыстың.
Хатерден қорқа білген бе,
Қаһарман ұлы намыстың?
Қаптаған жаудай қаймықпай,
Қасқара тұрып шабыстың.
Дауылға, селге бүлк етпес
Жартасша шыдап қарыстың.
Қайтардың десін жауыздың,
Төске де төніп бар күшін.
Воронеж батыры атандың,
Бас тігіп елдің бағы үшін,
Жеңесің жауды, білемін,
Қуатың күшті бар үстем.
Тоқтамақ, білем, тасқын сел,
Таптамақ емес тау үстін!
Мұқатты жауды біздің ел,
Жеңбегі солай ақ істің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Воронеж батырларына өлеңінің авторы кім?

Жамбыл Жабаев — осы өлеңнің авторы.

Воронеж батырларына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Воронеж батырларына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жамбыл Жабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Воронеж батырларына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері